Абайдағы алапат өрт қашан ауыздықталады? – ТЖМ жаңа басшысы болжам жасады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы алапат өрт қашан толығымен ауыздықталатындығына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңадан тағайындалған министрдің айтуынша, жағдайда бақылауда, әрі тұрақты. Бірақ ауа температурасыныуң көтерілуі мен екпінді желдің күшеюіне байланысты өрттің әрі қарай тұтану қаупі бар.

Өртті ауыздықтау үшін жеткілікті тобымыз құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңдай адам: өрт сөндірушілер, орманды қорғау жөніндегі, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері жұмылдырылды. СОнымен қатар 300-дей бірлік техника мен 12 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы БАҚ өкілдеріне.

Белгілісі, қазіргі уақытта 43 мың гектардай алаңды өрт шалған.

60 мыңнан асқан еді, алайда жеке құрам жұмыс істеуде, өртті сөндіріп жатыр. Осылайша, жану аумағы да қысқарды. Болжам бойынша, жақын бірнеше күн ішінде біз өртті ауыздықтап, сөндіруіміз керек. Өңірлерден келген барлық арнайы техника дәл қазір оқиға орнында және өртті сөндіру үшін қолданылуда. Қалың түтін салдарынан екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Олар әзірге үйлеріне қайтарылмайды, - деді Сырым Шәріпханов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз