2025 жылға дейін балық өсіру көлемі 7 мың тоннаға жеткізілмек 

Атырау облысында былтыр 14 мың тоннадан астам балық ауланды, 200 тоннадай балық өсірілді. Бұл туралы өңір әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыста балықты өсіруге және оны өңдеуге ден қойылып отыр. 2025 жылға дейінгі жоспар бойынша 8 кәсіпорын тоған шаруашылығын дамытумен айналысады. Нәтижесінде 2025 жылға дейін балық өсіру көлемін 7 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл барлық ауланатын балықтың 50% құрайды. Ал терең өңделетін өнім төрт есеге өседі.

«Балықты аулап, сатып қана қоймай, оны терең өңдеп, өзіндік құны жоғары өнімдерді экспорттауымыз қажет», - деді спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521