2 жасар қызбаланы үш метрлік шұңқырдан шығарды

Оқиға кеше яғни 8 қыркүйек күні Индер ауданы Асан қайғы көшесінде орын алған. Кішкентай 2 жасар қызбала ескі  бағаналарды ауыстыру үшін қазылған арыққа құлап кеткен. Абырой болғанда №5 ӨСБ қызметкерлері дер кезінде көмекке келіп, жүргізуші Нұрлыбек Саламатов  терең шұңқырға құлаған екі жасар қызды аман алып шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға орнына әріптестерімен бірге келген Нұрлыбек жанқиярлықпен және батылдықпен әрекет етті. Оны басқа құтқарушылар ұстап тұрды, ал ол кішкентайға жетіп, оны қауіпті аймақтан тез шығарып алды. Балаға медициналық көмек қажет емес еді.

ТЖ қызметінің қызметкерлері мұндай күрделі құтқару операцияларын жиі жүргізеді. Уақыт бірнеше секундқа созылады және сіз мүмкіндігінше тез әрекет етуіңіз керек.

ТЖМ ата-аналарға жауапкершілік туралы ескертеді, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521