- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 289
Индербордағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте орналасқан № 110 сайлау учаскесінде дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айман Меңдігереева сөз алып Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарынының кезектен тыс сайлауын ашық деп жариялады.
Учаскелік комиссия төрағасымен қатар оның орынбасары Ерлан Умирбеков, хатшысы Айзада Жангельдина, мүшелері Еспол Утеуов, Қаламқас Тауманов, Гажабия Маштахова, Эльмира Зинешова өздерінің белгіленген орындарына жайғасып, сайлаушылардың мекенжайлары бойынша бюллетеньдерін дайындап қызмет көрсете бастады. Байқаушылар да қызметтеріне кірісті.
Сайлаудың шыны жәшіктерінің бәрі пломбыланды, жалпы учаскеде әдеттегідей дауыс беруге барлық жағдай жасалған.
Аталмыш учаскеге негізінен кенттің "Барлаушылар" бөлігінің тұрғындары құрайды.
Тұрғындар таңертеңнен бастап сайлауға белсенді қатыса бастады. Арасында аға буынның өкілдерімен қатар жастар да бар.
Айта кетейік, аталмыш сайлау учаскесінде барлығы 1625 сайлаушы тіркелген. Ендеше еліміздегі бастау алған аса маңызды саяси оқиғаның сәтімен өтуін тілейміз.
С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 242
Атырау өңірінде жергілкті уақытпен таңғы сағат 7.00-де 269 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады.
Бүгін аймақта 269 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Оның 11-і – жабық. Олар медициналық мекемелерде, әскери бөлімдерде және уақытша ұстау изоляторларында орналасқан. Физикалық мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру орындарына қолжетімділігі – айрықша бақылауда.
Онда сайлаушылар бес бюллетеннен алады: Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихат кандидаттарына.
Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Сайлау комиссиялары материалдық-техникалық жабдықтармен және методикалық құралдармен толықтай қамтылған.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 367
Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мажоритарлық жүйенің элементтері бар сайлаудың жаңа форматы сайлау учаскесіне бір уақытта көп адамның баруын көздейтінін ескертеді.
Бас санитариялық дәрігердің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының алдын алу шаралары сайлау процесіне қатысушылардың ағынын реттеуді, үй-жайдың толымдылығын ескере отырып, кемінде 4 ш.м. есебінен олардың жиналуына жол бермеуді желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін не дауыс беру басталар алдында және күн ішінде қажетіне қарай үй-жайды тұрақты желдету, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалауды, дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күн ішінде үй-жайларды және барлық жұмыс беттерін дезинфекциялауды білдіреді.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 253
Ел бойынша барлығы 29 бір мандатты округ анықталды. Атырау облысында №13 учаске белгіленген.
Парламент Мәжілісіне бір мандатты аумақтық округтер бойынша Атыраудан бір ғана депутат сайланады.
Осылайша, бір мандатты округтердің құрамына кіретін сайлау учаскелерінде екі бюллетень ұсынылады: біреуі бір мандатты кандидаттардың аты-жөнімен, екіншісі – саяси партиялардың тізімімен.
Сайлаушылар партиялық тізімдер бойынша мәжіліске кандидаттарға дауыс беріп қана қоймай, бір мандаттылардың арасынан өздеріне ұнайтындарды да таңдайтын болады. Олардың қатарына өзін-өзі ұсынушылар да кіреді.
Қазақстанда бір мандатты аумақтық округтер бойынша мәжіліске барлығы 359 кандидат тіркелген.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 277
Облыста саяси партиялардың 2469 сенімді тұлғасы мен кандидаттар тіркелген.
Атырау облысында сайлау бюллетеньдеріне 442 кандидат енгізілді. Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімі бойынша 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бір мандатты сайлау округінде 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат.
Облыстық сайлау комиссиясы 6 жергілікті қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеді. Тізімдер комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған.
Аймақтағы сайлаушылар саны 412 165 адамды құрады.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Сайлау
- Read Time: 1 min
- 262
174 сайлау учаскесінде сайлаушылар тұрғылықты жері бойынша іздестіріледі, ал облыс орталығындағы 5 сайлау учаскесінде сайлаушыларды тұрақты тіркеусіз тіркеу бойынша сервистік қызметтер көрсетіледі.
Азаматтарды сайлау науқаны туралы ақпараттандыру бағытында Call-орталықтар жұмыс істейді. Sailauatyraubot Telegram арнасының чаты мен интернет-сайт арқылы тұрғындар қай сайлау учаскесінде тіркелгені туралы ақпарат ала алады.