Дауыс беру басталды

Индербордағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте орналасқан № 110 сайлау учаскесінде дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айман Меңдігереева сөз алып Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарынының кезектен тыс сайлауын ашық деп жариялады.

Учаскелік комиссия төрағасымен қатар оның орынбасары Ерлан Умирбеков, хатшысы Айзада Жангельдина, мүшелері Еспол Утеуов, Қаламқас Тауманов, Гажабия Маштахова, Эльмира Зинешова өздерінің белгіленген орындарына жайғасып, сайлаушылардың мекенжайлары бойынша бюллетеньдерін дайындап қызмет көрсете бастады. Байқаушылар да қызметтеріне кірісті.

Сайлаудың шыны жәшіктерінің бәрі пломбыланды, жалпы учаскеде әдеттегідей дауыс беруге барлық жағдай жасалған.

Аталмыш учаскеге негізінен кенттің "Барлаушылар" бөлігінің тұрғындары құрайды.

Тұрғындар таңертеңнен бастап сайлауға белсенді қатыса бастады. Арасында аға буынның өкілдерімен қатар жастар да бар.

Айта кетейік, аталмыш сайлау учаскесінде барлығы 1625 сайлаушы тіркелген. Ендеше еліміздегі бастау алған аса маңызды саяси оқиғаның сәтімен өтуін тілейміз.

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз