Сайлау-2023: өзін-өзі ұсынушыларға қайда дауыс беруге болады?

сурет ашық дереккөзден алынды

 

Ел бойынша барлығы 29 бір мандатты округ анықталды. Атырау облысында №13 учаске белгіленген.
Парламент Мәжілісіне бір мандатты аумақтық округтер бойынша Атыраудан бір ғана депутат сайланады.
Осылайша, бір мандатты округтердің құрамына кіретін сайлау учаскелерінде екі бюллетень ұсынылады: біреуі бір мандатты кандидаттардың аты-жөнімен, екіншісі – саяси партиялардың тізімімен.
Сайлаушылар партиялық тізімдер бойынша мәжіліске кандидаттарға дауыс беріп қана қоймай, бір мандаттылардың арасынан өздеріне ұнайтындарды да таңдайтын болады. Олардың қатарына өзін-өзі ұсынушылар да кіреді.
Қазақстанда бір мандатты аумақтық округтер бойынша мәжіліске барлығы 359 кандидат тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521