АБЫЛАЙ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Жақында Батыс Қазақстан облысында жекпе-жектен Қазақстан кубогі өтіп, оған республиканың әр өңірінен және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 150-ге жуық спортшы қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Аталмыш жарыста жерлесіміз Абылай Дәуітов 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алғашқыда қостанайлық қарсыласын 2:0 есебімен жеңсе, кейін ақтық белдесуде ақтөбелік балуанның жарақат алып шықпай қалуына орай, жеңіс жерлесімізге бұйырды.

-Жарыс тартысты өтті. Әрине, бұл додаға сайдың тасындай іріктелген кілең мықтылар қатысты. Менің 80 келі салмақ дәрежесінде 6 қарсыласым болды. Бәрі сәтті өтті. Алла бұйыртса Алматы қаласында өтетін әлем біріншілігіне қатысамын. Әрине оған қаржылай көмектесемін деген жаны жомарт жандар болса нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ маған қолдау білдірген жаттықтырушым Ринат Арыстанов пен Индер жекпе-жек командамасына алғысым шексіз, – деді жерлесіміз.

a

Айта кетейік, чемпион атанған Абылайды сол күні орталық көпір үстінен «Абылай чемпион» деген жазулары бар плакаттар мен түрлі-түсті шар ұстаған бір топ достары мен жақын-туыстары күтіп алып, құрмет көрсетті.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521