Blockchain технологиясы туралы не білеміз?

Қазіргі уақытта Мемлекеттік корпорациямен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Мемлекеттік корпорация 2019 жылдан бастап Blockchain (Блокчейн) технологиясын қолдана отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы процестерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ілкімді істер атқарып келеді.

Анығында, қазіргі таңда азаматтарға жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін құрылыс салушының сату бөліміне және ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Құрылыс компаниясының сайтында өтініш бере отырып, blockchain технологиясының көмегімен сатып алу және тіркеу процесі онлайн режимінде өткізуге болады.

Сонымен, Blockchain (Блокчейн) дегеніміз не? Блокчейн – желі қатысушыларының барлық транзакциялары туралы ақпаратты «блок тізбегі» түрінде сақтайтын таратылған деректер қоры. Оны пайдалану үшінші тараптың қатысуынсыз екі жақты қауіпсіз транзакцияларды жүзеге асыруға кепілдік береді және банктердің жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген несиелерді беруін онлайн несиені өңдеу, шығындарды азайту және несие беру мерзімін қысқарту тұрғысынан жеңілдетеді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында кепіл шарттарын тіркеу процесін «цифрландыру» тіркеу уақытын 3 күннен 1 күнге дейін, құжаттар пакетін 4 құжаттан 1 құжатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді, шығындарды азайтады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы және қызмет көрсетуші арасындағы физикалық байланысты болдырмайды.

Мемлекеттік корпорация «Отбасы Банкі» АҚ-мен бірлесіп Blockchain технологиясы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді онлайн тіркеу бойынша пилоттық жобаны да жүзеге асырған болатын. Банктің цифрлық платформасы арқылы клиенттер екі мемлекеттік қызметті ала алады – «Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды орналастыру, ұстау және есепке алу» және «Жылжымайтын мүлікті жалға беруді тіркеу».

Бүгінде қаншама қызмет алушылар осы жобаның сәтті нәтижесімен күнделікті қолданып онлайн түрде құқықтарын тіркеп жатыр.

Сонымен қатар, ипотекаға пәтер алғысы келетін азаматтар үшін де бұл процесс автоматтандырылған. Blockchain технологиясының арқасында тіркеу мерзімі 1 айдан 1 күнге дейін қысқарды. Банкке өтінім беруден бастап, кепіл тіркелгенге дейін электронды түрде үйден жасалады. Тіпті несие беру туралы шешім мен мүлікті бағалау жұмыстары онлайн форматта жүреді және бағалаушыларға жүгінудің қажеті жоқ. Клиенттің барлық транзакциялары мен ақшасы алаяқтықтан қорғалатындығында  айта кету керек. Ал, өзара есеп айырысу үшін эскроу-шоттар қолданылады.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521