- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 33
Атырау қаласында Жұлдыз-3 шағынауданында және Ақсай-2 ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №49 және №51 жаңа жалпы білім беретін мектептер пайдалануға берілді. Әр білім ордасы 900 оқушыға арналған.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 44
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласының 16-шағынауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында № 35 мектеп салтанатты түрде ашылды.
Бұл — Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша іске қосылған он үшінші мектеп. Жаңа форматтағы білім беру ұйымы 1 500 оқушыға есептелген. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын мектепте 77 пән кабинеті қарастырылған. Ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.
— Бұл бастама балалардың сапалы білім алып, болашақ мамандығын ертерек таңдауына жол ашады. Мектептер тек білім беру орны емес, оқушылардың қабілетін ашып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кеңістікке айналуға тиіс, — деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, бұғанға дейін Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген. Осылайша, жоба аясында 13 мектеп толық іске қосылып отыр.
https://kaz.inform.kz/news/mangistau-oblisinda-keleshek-mektepter-ulttik-zhobasi-satt-ayaktaldi-63dff9/
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 57
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде жүзеге асып жатқан “Келешек мектептері” ұлттық жобасы – Қазақстанның әлеуметтік және зияткерлік дамуына бағытталған стратегиялық маңызды қадам.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 65
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасының игілігін оқушылар көріп жатыр. Президент биылғы Ұлттық құрылтайда Ақмола облысының мектеп салу қарқынын ерекше атап өтіп, өзге өңірлерге де оқу ордасын уақтылы қолданысқа беруді тапсырған еді.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 66
Қазақстанда жүзеге асып жатқан «Комфортты мектеп» ұлттық жобасы Атырау облысы үшін де айрықша маңызға ие. Өңірде соңғы жылдары халық санының өсуі, ішкі көші-қон және мұнай-газ саласындағы өндірістік аймақтардың кеңеюі мектептерге түсетін жүктемені арттырды. Әсіресе Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде үш ауысымды мектептер мен сыныптардың шамадан тыс толуы өзекті мәселеге айналғаны белгілі.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 68
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы Атырау облысында жүйелі әрі қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде өңірде оқушы саны жыл сайын өсіп келеді.


