Индер ауданында су тасқынына қарсы 500 мыңға жуық қапшық төселді

Атырау облысында төтенше жағдай орын алғалы Индер ауданында ауыл тұрғындарының белсенді араласуымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша өр суына қарсы жағалау бөгеттерінде 485мың қапшық төселіп, арнайы 90 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, 404 мекеме қызметкері мен ауыл азаматтары бірігіп, жағалауды нығайту үшін жанталаса еңбек етуде. Атырауды тасқын судан аман алып қалу үшін 300 сарбаз көмекке келді.
Индер ауданының тұрғыны әрі ерікті Самиғолла Пыштыбаев ел басына күн туғанда, ауыл азаматтарының бірлігі мен ұйымшылдығына риза болды. Сын сағатта халық арасында елім дейтін ердің бар екендігі дәлеледенгендей.
Айта кетейік, 21 сәуірде Индер ауданында жоспарланған 27 шақырым бөгеттің 24,8 шақырымы тұрғызылды. Олардың орташа биіктігі 4,5 м. Қазіргі уақытта бөгет соғу жұмыстарының көлемі 91,1% құрайды.
📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521