Индерде өрттен екі бала қаза тапты

Бүгін 25 сәуір күні таңғы сағат 05:37 шамасында Индер ауданындағы көпқабатты үйдің бірінен өрт шығып, одан бір отбасы зардап шекті. Өрт салдарынан 10 жасар ұл мен 7 жасар қыз бала қайтыс болып, ата-анасы жансақтау бөлімінде жатыр.

"Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатырғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Өрт кезінде жатын бөлмесінен 2014 ж.т Н.Д. және 2017 ж.т Ж.Д. балалардың өлі денелері табылды, сондай-ақ анасы 1995ж.т Н.С және 1994ж.т. ер адамның ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне 103 қызметкерлерімен жеткізілді. 

Өрт сағат 06.02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда" деп хабарлайды Атырау облысы Қоғаммен байланыс тобы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521