Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері қаралды. Уәкілетті органдарға 2023 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы жалпы құқық бұзушылықтың 21% (100-ден 121-ге), о.і. жыныстық тиіспеушілік 38,7% (31-ден 43-ке), балалар суициді 156,3% (16-дан 41-ге) өскені атап көрсетілді. Тексеріспен барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1 200-ден астам (қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б. салаларда) құқық бұзушылық фактілері анықталды. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі», - деп атап өтті қадағалау органының басшысы Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ. Қорытынды сөзінде облыс прокуроры «профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде сапалы жұмыс жүргізуге міндетті және қылмысқа қарсы күрес шараларын күшейтуі тиіс екенін» - тапсырды. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Орындалу барысы бақылауда.

Атырау облысының прокуратурасы

Президент халық пен елдің игілігі үшін экономикамыздың ілгері, қарқынды дамуына бағытталған бірқатар шешімдер қабылдап, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауды прокуратура органдарына тапсырды. Мемлекет басшысының талабын сапалы, әрі мінсіз орындау бағытында Бас Прокурормен нақты нұсқаулар беріліп, прокуратура органдары инвесторларға қатысты мемлекеттік органдармен қабылданатын барлық шешімдер мен шектеу шараларының алдын ала заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуде. Аталған маңызды тапсырманы жүзеге асыру үшін «Теңізшевройл» ЖШС-нің офисында, өңірдегі ірі инвесторлардың қатысуымен кездесу өткізілді. Шараға «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон, «NCOC» компаниясының басқарушы директорының орынбасары Е.Мұқай, «GPS Investment», «Бутадиен» және т.б. инвестициялық жобалардың иелері мен уәкілетті органдар қатысты. Жиын барысында облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Президенттің 04.12.2023 жылғы Жарлығымен Инвестициялық штабтың қызметі қайта қаралғаны және оның ішінде прокуратураның оларды қолдаудағы ерекше орнын атап өтті. Ендігі кезекте мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері, инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, яғни сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауды, әкімшілік жауаптылыққа тартуды және сотқа шағым беруді прокурормен келісім алғаннан кейін жүзеге асырылатынын түсіндірді. Бүгінгі күні облысымызда 5,1 трлн теңгеге 23 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Әрбір жобаға прокуратура қызметкерлері бекітіліп, олардың сапалы әрі кедергісіз аяқталуы қатаң бақылауға алынды. Кездесуде «Теңізшевройл» басшысы және Атырау өңірінің инвесторлары алғыстарын жеткізіп, нәтижелі жетістіктердің болатынына прокурорларға сенім білдірді. Біздің Президенттің шешімдерін іске асыру ерекше бақылауда.

Атырау облысының прокуратурасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көреді.

 

 2024 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша Индер ауданында мемлекеттік қызметшілер штаты 95 бірлік болса, Нақты жұмыс жасап жатырғаны 88 мемлекеттік қызметкер,  5 тұрақты бос лауазым (Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі және Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы). Жұмыс жасап жатырған мемлекеттік қызметшілердің ішінде аудан әкімі аппараты бойынша – 14, дербес бөлімдер бойынша - 29, Индербор кенті, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша – 45. Нақты жұмыс жасап жатырған 88 мемлекеттік қызметшілердің ішінде 47-сі немесе 53 пайызы әйел адамдар болса, 41-і  немесе 46 пайызы ерлер. Жастардың үлесі 32 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық қатынасы бойынша жұмыс жасап жатырған қызметкердің 87-і қазақ ұлтынан болса, 1-уі (Л.Осипян Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы) орыс ұлты.

Мемлекеттік қызметшілердің 88-і жоғары білімді. 26 қызметкердің              2 және оданда көп білімі бар.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік органның негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну керекпіз.

Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

  1. Мемлекеттiк қызметшi: өкiлдi органның депутаты болуға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға; кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға; өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға; ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

 Мемлекеттік қызметші ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілгендей қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Тек мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытындағы кездесу өткізілді. 

Страница 1 из 183

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521