ban2

АТЫРАУ ЖАСТАРЫ – ИНДЕР АУДАНЫНДА

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен алғаш рет Жастар жылы аясында «Ақсұңқар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-16 шілде күндері «Атырау облысы жастарының аудандардағы күндері» атты ауқымды жобамен Атырау жастары ауданға табан тіреді.

Жоба аясында Индербор кенті және Есбол ауылдық округінде шара өткізу жоспарланған болатын. Алдымен келген топ Есбол ауылдық округінде жастармен кездесу өткізіп, онда араторлық өнер мектебінің жетекшісі Нұрлан Азаматов «Жастар жылы» аясында атқарылатын жұмыстарды таныстырса, ал аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Сұңқар Көшеков атқарылған жұмыстарды баяндай келе, жастар тарапынан қойылған көкейтесті сұрақтарға тұщымды жауап берді.

z

Одан әрі Есбол ауылдық мәдениет үйінде көрермендер назарына Атырау жастар театрының «Кастинг» атты комедиялық спектаклі ұсынылып, халықтың ықыласына бөленді. Аталмыш жоба орталық алаңда гала концертпен жалғасын тапты.

z

 

Ж.Нариманқызы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner