Қасиетті Рамазан айын тойлау аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында «Қамқорлық менен және сенен басталады» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 

Іс-шарада зауыт қызметкерлері өз қолдарымен жасаған кондитерлік өнімдер, сусындар, қолөнер бұйымдары, балаларға арналған ойыншықтар мен кәдесыйлар сатылымға шығарылды. Қолайлы бағадағы сапалы өнімдерді сатып алуға жиналғандардың саны көп болды. 

«Біздің зауытта жұмыстан тыс уақытта қолөнермен, тапсырысқа тәттілер дайындаумен айналысатын талантты жұмысшылар өте көп. Олардың  туындыларын әріптестерге таныстыру үшін, сондай-ақ Рамазан айында қайырымды іс жасау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Зауыттықтар бастамамызды қолдап, ұсынылған тауарларды белсенді түрде сатып алып жатыр. Қайырымдылық мақсаттағы мұндай шараларды жиі өткізу жоспарда бар», - деді «АМӨЗ» ЖШС бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев. 

Жәрмеңке аясында жиналған қаражат аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге жұмсалатын болады.

18 наурыз 2024 жыл “Ұлттық киімдер күніне” орай ұйымдастырылған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық АХАТ бөлімінің мамандарының ұлттық киім үлгілері.

"НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ" ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ ИНДЕР АУДАНЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Аталған акцияны Индер аудандык санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымы жалғастыруда.
Акция аясында аз қамтылған, көп балалы 1 отбасыға Индер СЭЭБ ұжымы азық-түлік себетін табыстады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесі реформаланғанын мәлімдеген болатын. Өзгерістерге сәйкес 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі жарияланды. Наурызнама бойынша18 наурыз-Ұлттық киім күні болып бекітілген. Осы мерекемен редакция ұжымын алғашқылардың бірі болып ауднымызға белгілі ақын, үлгілі анамыз Мәзім Шотанқызы келіп құттықтады.

Қазіргі уақытта ұмыт қалып бара жатырған қазақы киім-кешек үлгісін керемет үйлестіре алыпты ақын апамыз. Басындағы кимешегі, үстіндегі камзолы, жабылған маржан түстес шапаны нағыз қазақтың ақыл айтар ақжаулықты анасындай келбет берген. 

-Мен бұндай ұлттық киімдерді киюге асық тұратын жандардың бірімін. Басыма орамал тартып, үстіме шапан, камзол кигелі 10 жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт арасында ұлттық киіміміздің мәртебесінің биіктігіне талай рет көзім жетті. Оған дәлел көшеде кетіп бара жатырған бейтаныс адамдар, жастар ұлттық киімімізді сыйлап сәлем беріп жатады. Бірде Астана қаласына барғанымда ұлттық киіммен жүргенімді көрген шет елдік азаматтар жаныма келіп кезекпе-кезек суретке түскен болатын. Өзімді құдды бір жұлдыз секілді сезіндім. -дейді Мәзәм Шотанқызы.

Ұлттық киім- қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.

Ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін жалғастырайық!

 
 

 

 «Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық  қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.
Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты. 
111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.
111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.
Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.


 Индер балық инспекция қызметкерлері 13- ші наурыздағы кезекті рейд кезінде Көктоғай ауылы тұсындағы Жайық өзенінде  құрулы тұрған 1- дана құрма ауды байқаған. Инспекция қызметкерлері дереу судан сүзіп шығарғанда, 1 бекіре тұқымдас балықтың жас шабағы қармаққа ілініп қалыпты. Жалпы бүгінде көзі жойылып бара жатқан бекіре тұқымын инспекторлар аудан құтқарып,  қайта айдынына жіберіпті.

Страница 1 из 769

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521