АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудан активінде Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи өзінің өкімімен жаңа орынбасарын көпшілікке таныстырды.

Енді ауданның экономикалық және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен ветеринария салаларындағы мәселелермен Салауат Өтеғұлов айналысатын болады. Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы - 1984 жылы 15 қазанда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары, 2006 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «экономист» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Есбол» АҚ-ы да слесарь болып бастаған. 2006 – 2007 жылдары облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маман-экономисті, 2007 - 2009 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау, талдау және жоспарлау бөлімдерінің бас маманы, 2009 - 2013 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің бастығы, 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Жиын соңында аудан әкімі С.Өтеғұловтың білікті маман, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігін айта келе, біліктілігі мен білімі осы қызметті атқаруға толықтай жететіндігіне сенім білдірді.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521