- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 61
Биыл жыл басынан бері 198 науқас тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы пайызы 27,8-ді құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға төмен, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 59
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына медициналық көмектің сапа стандарттары бойынша жоғары санат берілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 69
Жыл басынан бері Атырау облыстық кардиологиялық орталығында жүрек-қан тамыр ауруларына байланысты 2 350 операция жүргізілді. Көрсеткіш мекемедегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің артып келе жатқанын айғақтайды. Бұл туралы дәрігер-кардиолог Альбина Нұрманова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде хабарлады. Жасалған операциялар қатарында әрі диагностикалық, әрі емдік мақсаттағы күрделі процедуралар бар.
Жалпы операциялардың құрылымы мынадай:
- 1 206 жағдай – диагностикалық операциялар. Бұл бағыттағы араласулар жүрек ауруларын ерте кезеңде анықтап, әрі қарайғы емдеудің нақты тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.
- 227 операция ашық жүрекке жасалған. Мұндай оталар жоғары кәсіби біліктілікті қажет етеді және пациенттің өмірін сақтап қалудағы негізгі құралдардың бірі саналады.
- 937 жағдай – жоғары технологиялы, аз инвазивті араласулар. Бұл операциялар көлемі жағынан шағын болғанымен, нәтижесі бойынша ашық жүрекке жасалатын оталармен тең дәрежеде маңызды әрі күрделі болып есептеледі. Мұндай процедуралар науқастың тезірек қалпына келуіне ықпал етеді, асқыну қаупін азайтады.
- Кардиологиялық орталықта осындай жоғары деңгейдегі медициналық қызметтің көрсетілуі аймақ тұрғындарына өз өңірінде сапалы ем алып, ел ішінде емделу мүмкіндігін беріп отыр. Бұрындары мұндай операциялар үшін науқастардың көбі республикалық орталықтарға немесе шетелге баруға мәжбүр болған еді. Бүгінде заманауи құрал-жабдықтардың жеткілікті болуы мен дәрігерлердің кәсіби тәжірибесінің арқасында озық технологиялар Атырау облысында қолданысқа енгізілуде, - деді дәрігер-кардиолог Альбина Нұрманова.

Мамандардың айтуынша, жүрек-қан тамыр аурулары әлі де аймақтағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіру басты мақсат ретінде белгіленген.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 68
Орталық Evis X1 соңғы эндоскопиялық жүйелері және әлемдік стандарттар деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық симуляторлар сияқты ең озық жабдықтармен жарақталған.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында жаңа эндоскопиялық оқу орталығы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мұнда Қазақстаннан келген эндоскопист дәрігерлер ғана емес, Орталық Азияның басқа елдерінен де өз біліктіліктерін арттыратын болады.
«Бұл оқиға медициналық жабдықтар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы Olympus компаниясымен стратегиялық әріптестігіміздің арқасында мүмкін болды. Мен әріптестерімізге оларды қолдағаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», – деді басқарма басшысы Рүстем Төлеутаев.
«Жаңа орталық біздің дәрігерлер, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген әріптестеріміз өз дағдыларын шыңдай алатын, тәжірибе алмасатын және озық технологияларды игере алатын орынға айналатынына сенімдімін. Бұл бізге мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, диагностика мен пациенттерге көмек көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
«Тренинг орталығын құруға Қазақстан, Жапония, Польша және Чехия командалары тартылғанына қуаныштымыз. Орталық мамандарды даярлау, білім алмасу және жоғары стандарттарды енгізу саласында жаңа көкжиектер ашады», – деді Жапониядан келген Olympus Corporation өкілі Йохи Маеда.
«Біздің мақсатымыз - адамдардың өмірін барынша сау ету. Біз дәрігерлерді жабдықтарымызбен дұрыс және тиімді жұмыс істеуге үйретеміз, өйткені пациенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығы осыған байланысты. Біз осы маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Olympus OCG директоры Томаш Ставярский.
«Оқу орталығы - эндоскопиялық диагностика деңгейін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін заманауи білім беру хабы. Біз эндоскопист дәрігерлерімізге сапалы колоноскопия әдістерін үйретеміз және ең бастысы ADR көрсеткішін есептеу жүйесін енгіземіз. Бұл көрсеткіш колоректалдық обырға қарсы күресте маңызды болып табылады және оны пайдалану бізге мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді»,
– деп бөлісті Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмила Қайболлақызы. Эндоскопия және интевенциялық Гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова:
«Біз дәрігерлерімізге ең заманауи технологиялар мен әдістемелерге қол жеткізуге бірегей мүмкіндік алдық. Біз бұл орталық Орталық Азиядағы эндоскопиялық қызметтің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», – деп атап көрсетті.
Орталықтың оқу бағдарламалары теориялық курстарды да, тренажерларда және нақты клиникалық жағдайларда кең практикалық сабақтарды да қамтиды, бұл оқытудың барынша тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл маңызды оқиға Қазақстанда медициналық білім беру мен технологияларды дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 83
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- 77
Сапалы медицина – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Елімізде денсаулық сақтау саласы кейінгі жылдары елеулі өзгерісті бастан өткеріп, ұлттық деңгейдегі басым бағыт ретінде айқындалды. Әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударылып келеді. Ауылдағы медицина инфрақұрылымын жаңғырту денсаулық сақтау саласын ғана емес, тұтас өңірлік даму сапасын арттырудың басты тетігіне айналып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы әзірленген еді. Жобаның аты айтып тұрғандай, ауылдарға медициналық мекеме салуға, ескілерін жаңартып, құрал-жабдықтарын түгендеуге басымдық берілді. Бірінші міндет – 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын салу. Тарқатып айтсақ, ауылдарда 260 медициналық пункт, 160 дәрігерлік амбулатория, 235 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріледі. Оның ішінде 228 нысан бұрын-соңды бірде-бір медициналық ұйымы болмаған ауылдарда ашылса, 427 ғимарат тозығы жеткен нысандардың орнына қайта бой көтереді. Жоба аясында 35 көпбейінді орталық аудандық аурухана жаңарады. Онда инсульт, кардиология орталықтары, медициналық оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері ашылады.
Президент жоба туралы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында: «Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылып келеді. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды. Осы ретте бұған дейін түрлі аймақта бой көтерген көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет. Сондай-ақ мұндай жаңа нысандар салуды жалғастыра берген жөн. Бұл жұмысқа мемлекет-жекеменшік серіктестігі механизмдері аясында жеке инвестицияны да тарту керек. Сонда азаматтар Астанаға көше бермейді», деп атап өтті.
Ұлттық жобаның артықшылығы, мұндағы басты мақсат – ауылдың елді мекендерін нормативтерге сай келетін медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Осылайша, 4 миллионнан астам ауыл тұрғыны мамандандырылған медициналық көмекпен қамтылады. Инфаркт, инсульттен бөлек, түрлі жарақат кезінде немесе басқа да шұғыл жағдайларда ауыл тұрғындары ондаған шақырымды еңсеріп, орталыққа сабылмауға тиіс. Мұндай тосын жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін әр минут маңызды. Ұлттық жобаның арқасында фельдшерлік-акушерлік пункттерде ақпараттық технологиялар кабинеті, яғни телемедицина қызметіне арналған кабинет, физиотерапия кабинеті, кіреберісінде дәріхана пайда болды. Бірнеше жылда үйлесім тапқан жобаның барысы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов әңгімелеп берді.
– Ұлттық жоба шеңберінде жоспарланған 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының 540-ы салынды. Енді 115 ұйымның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Дәл қазіргі жағдайда 346 нысан ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылса, 194 нысан бұрын медицина инфрақұрылымы болмаған ауылдарда бой көтерді. Бұл – 200-ге жуық ауылда медициналық көмек қолжетімді болды деген сөз. Құрылысы аяқталған нысандардың ішінде 227 медициналық пункт, 187 ФАП, 126 дәрігерлік амбулатория бар, – деді Т.Мұратов.
Биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған 115 нысан Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Абай, Ұлытау, Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарында пайдалануға беріледі. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген. Әр нысанның жобасы бірыңғай стандарттар бойынша әзірленіп, телемедицина, физиотерапия кабинеттері, дәріхана пункттері, емдік дене шынықтыру залдары қамтылған. Құрылыс компаниялары құрылысқа қажет жабдықтардың 70%-дан астамын отандық өндірушілерден тасымалдаған.
Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық орталық аурухана жаңарады. Қолданыстағы 20 орталық аудандық аурухана көпбейінді орталық аурухана болып қайта құрылады. Ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, кеңейеді, медициналық жабдықтармен қамтылады. Көпбейінді орталық ауруханаларда негізінен инсульт және кардиология орталықтары, медициналық оңалту орталықтары, травматология, ортопедия бөлімшелері, хирургия бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі ашылады. Осы ауруханалар бірнеше елді мекеннің, оның ішінде көрші ауданның тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Ұлттық жоба басталғалы 8 аурухана толыққанды көпбейінді орталық аудандық аурухана болып қайта құрылды. Бұл қатарда Теміртау, Балқаш қалалары мен Жаңаарқа, Үржар, Шу, Меркі, Талас, Бейнеу аудандары бар. Бүгінде 10 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Осының бәріне 54,5 млрд теңге қаржы жұмсалады, – деп мәлімдеді Т.Мұратов.
Ұлттық жоба шеңберінде ауылдағы медицина ұйымдарына 1100-ден астам маман даярлау жоспарланыпты. Жалпы, жоба барысында 1009 медицина қызметкері ауылдағы ұйымдарға жұмысқа орналасады. Бұл тізімде шамамен 459 дәрігер 550 орта медицина қызметкері болады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарына 55 жалпы тәжірибелік дәрігері, 168 орта медицина қызметкері, көпбейінді аудандық ауруханаларға 404 арнайы мамандандырылған дәрігер, 382 мейіргер жұмысқа орналасады. Бұл жоспардың уақтылы орындалуына өңірлерге маман тарту мақсатында қолға алынған әлеуметтік қолдау шаралары негіз болуға тиіс. Мысалы, бүгінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге барған медицина мамандарына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қарастырылған. Дәрігерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен ынталандыру төлемдерінің пакеті кеңейді. Жас мамандарға көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшермен тұрғын үйге несие, еңбекақыға қосымша төлемдер секілді әлеуметтік қолдау түрлері қарастырылған. Оның ішінде медицина мамандарының балаларын балабақшаға орналастыру тәртібіне, қаза тапқан немесе мүгедектігі бар қызметкердің балаларына жеңілдіктер бар.
2024 жылдан бастап ауылға жұмысқа баратын аса тапшы медицина мамандарына 100 ең төменгі жалақы – 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі. Осындай артықшылықтар денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтып, ауыл тұрғындарын қолжетімді медициналық көмекпен қамтуға ықпал етеді. Сол секілді «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қала мен ауыл медицинасындағы алшақтықты қысқа мерзімде жақсартуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық, инфрақұрылымдық, технологиялық әлеуетін нығайтуға жол ашады.

