ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясы мен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқуға қатысқан болатын. «АMANAT» партиясы аудандықфилиалының атқарушы хатшысы Дәурен Сағынғалиевтің айтуынша, өткен жылы жоба бойынша ауданда 523 адам оқыған. Ал, биыл өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады екен. Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып
алуларды жоспарлауды және т.б. үйренесіз. Сондай-ақ қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Құқықтық көмек те берілмек. Айта кетер жайт, оқыту толығымен тегін жүргізіледі.
                                                                                                                                                                                                                                        Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521