Спортты серік ету – парыз

«Алға басу» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында қайырымдылық акциясы ауданда өтті.

Қайырымдылық шара Президент Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамытумен қатар, «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғанын жүргізуші атап өтті.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз алып,  бұқаралық спортты дамытуда  мемлекеттік қызметкерлердің  әркез үлгі болуын, спортты өмірлік серік ету әркімге парыз екендігін атап өтті. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Бисенбаевтың белгі беруімен күнделікті қызметтік костюмдерін спорттық формаға ауыстырған қызметкерлер  жүгіруден сайысқа түсті. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай өтіп, мәреге Д.Бергенбайұлы, Қ.Жаңбыршиев, Б.Кариев, Ә.Пауединова, Г.Кенжебаева, Г.Бижанова үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңімпаздардың жүлделерін көпшілік алдында  аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуова табыс етті.

 

Саламат Б.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT