Ауданымызда соңғы жылдары парадзюдошы жігіттер жарқын жеңістерімен қуанта бастады.
Әсіресе, Темірболат Тәшекенов пен Ерлан Өтепов еліміздегі байрақты бәсекелермен қатар құрлықтық жарыстарда жеңістің биік тұғырларынан көрініп жүр. Жаңа жылда екі палуанға да ел чемпионатымен қатар, Грузия елінде жарысқа жол түсіп тұр екен. Олардың шеберлігін шыңдауға үлес қосып жүрген аудан аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашевтың айтуынша, облыс орталығында көзі нашар көретін жасөспірім балалар арасынан да парадзюдодан бөлім ашылуда.
-Егерде ауданымыздан да осындай көзі ауыратын балалар арасынан дзюдомен шұғылдануға тілек білдіретіндер болса жаттықтыруға дайынмын, - деді ол.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ
Индер ауданы