Қызмет сапасын арттырудағы цифрлық серпін

Жолдау 2025-те айтылған цифрлық даму бағыты – елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам.

Цифрландыру тек технологияны енгізу емес, қызмет сапасын арттыру, ашықтықты күшейту және халыққа қолжетімділікті жақсарту деген сөз.

Бүгінде электронды қызметтердің кеңеюі, жасанды интеллект пен автоматтандыруды енгізу – уақыт талабы.Бұл бағытта қабылданған шешімдер мемлекеттік басқаруды жеңілдетіп, бизнеске қолдау көрсетеді, ал қарапайым халыққа – жылдам әрі тиімді қызмет алуға мүмкіндік береді.

Цифрлық даму – Қазақстанның бәсекеге қабілетті елге айналуының негізгі тетігі. Жолдаудағы осы бастамалар жүзеге асса, қоғамның барлық саласында жаңа серпін болары анық.

Бимагамбетова Д

Аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT