Көлік-логистикадағы жетекші елге айналамыз

– Мен бұрынғы темір­жол­шы ретінде Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан ойларын толығымен қолдаймын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында: «Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр» деп атап өтті. Бұл – біздің еліміз үшін аса өзекті мәселе.

Президент сөзінде көлік-логистика саласын дамыту, Еуропа мен Азияны жалғап тұрған Қазақстанның стратегиялық рөлі, транзиттік әлеуе­тімізді арттыру жайында кеңінен айтты. Әсіресе, «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» дәліздерінің, Транскаспий бағытының болашағын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа инвестиция тарту, сапалы жұмыс орындарын ашу, цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану қажеттігі нақты көрсетілді.

Биыл іске қосылатын ұзындығы 836 шақырым «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі – теміржол саласының үлкен жетістігі. Бұл жобаның «Шығыс-Батыс» бағыты үшін маңызы орасан. Алдағы уақытта «Бақты-Аягөз», «Қызылжар-Мойынты» секілді маңызды жобалардың жүзеге асуы еліміздің теміржол жүйесін толыққанды қалыптастырады.

Теміржол саласының бұрынғы өкілі ретінде мен үшін бұл бастаманың барлығы өте жақын әрі маңызды. Қазақстан көлік-логистикадағы жетекші елдердің біріне айналарына сенімім мол!

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Сенат депутаты:

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT