Жолдау 2025-та білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуі – болашақ ұрпақ үшін маңызды қадам.
Цифрландыруды тереңдету, оқыту сапасын арттыру, мұғалім беделін көтеру – қазіргі білім жүйесінің басты қажеттілігі.
Бүгінгі күні мектептерге жаңа технологиялар енгізіліп, оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл – оқушының білімін тереңдетіп, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін үлкен қолдау.
Жолдауда айтылған бастамалар – білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты әрекеттер.
Оқушыға қолжетімді сапалы білім, мұғалімге қолдау, мектепке жаңа мүмкіндік – барлығы ел ертеңіне жасалған инвестиция.
Қабиева Назгул
ұстаз

