Ауданда 90 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды

Индер ауданы бойынша мемлекеттік қызметтің жәй-күйі

Индер ауданы әкімдігіне қарасты аудан әкімінің аппараты 1 кент, 6 ауылдық округ және 9 дербес бөлім бар. Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер штаты 96 бірлік болса, нақты жұмыс жасап жатырғаны 90 мемлекеттік қызметкер, 5 тұрақты және 1 уақытша бос лауазым бар. Жұмыс жасап жатырған мемлекеттік қызметшілердің ішінде аудан әкімі аппараты бойынша – 15, дербес бөлімдер бойынша - 33, Индербор кенті, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша – 48. Нақты жұмыс жасап жатырғаны 90 мемлекеттік қызметшілердің ішінде 49-ы немесе 54 пайызы әйел адамдар болса, 41 немесе 46 пайызы ерлер.

Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық қатынасы бойынша жұмыс жасап жатырған қызметкердің 89-ы қазақ ұлтынан болса, 1-уі орыс ұлты. Жас ерекшіліктері бойынша 23 жасқа дейінгі-2, 23-29 жас аралығында-5, 30-39 дас аралығында-39, 40-49 жас аралығында-26, 50 жастан жоғары-18 мемлекеттік қызметші бар. 90 мемлекеттік қызметшінің ішінде жоғары білімі бар-70, екі және оданда көп жоғары білімі бар 20 қызметші бар. 2023 жылдың 9 ай ішінде ішкі және жалпы конкурстар нәтижесімен 25 азамат тағайындалды. Оның ішінде мемлекеттік қызметке 11 адам алғаш қабылданды.

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521