
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 67
АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қосылған құн салығын көтеру бастамасы мен жанармай бағасының нарыққа берілуі такси бағасына қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.
- Әуе қызметі бойынша, авиаотын әуелден нарықтық бағамен реттеледі. Сондықтан сіз айтып отырған өзгерістер ол жаққа ешқандай әсер етпейді. Теміржол бағасын мемлекет реттейтінін жақсы білесіздер. Бұл жақта да пойыз билетінің қымбаттауын жоспарлап отырған жоқпыз. Таксиге келсек, ол жақта жанармай нарыққа беріліп жатыр, яғни бұл жақта бағаны нарық айқындайды, - деді ол.
Министр келешекте такси бағасын қарапайым жүргізушілер мен интернет агрегаторлар өзара келісіп айқындауы мүмкін екенін атап өтті.
- Жалпы такси қызметінің бағасы нарықта. Онсыз да оны мемлекет реттеп отырған жоқ. Бірақ біз осы саладағы өзін-өзі реттеу туралы заң жобасын талқылап жатырмыз. Сол заң жобасының аясында біз не беріп отырмыз? Алпауыт интернет агрегаты мен такси жүргізушілері өзара келісіп, сондай бір келісімге келуге болады. Мысалы, 1 шақырымға адам тасымалдаудың құны қанша болады деген сияқты. Одан агрегаттың алатын пайызы қанша болатынын келісуге болады. Бұған мемлекет араласпайды көлік иелері мен агрегат өзара келісімге келеді деген норма ұсынып отырмыз. Осы заң нормасы бойынша пилоттық түрде жұмыс бастаймыз деп жоспарланды, - деді Марат Қарабаев.
Бұған дейін биыл елдегі автожолдардың ақылы учаскелеріндегі тарифтер орта есеппен 30 пайызға өсуі жоспарланғаны мәлім болған еді.

- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 79
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 74
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын таныстырды. Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті. Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында Премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті. Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады. ӨҚМ ұжымына Президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.

- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 57
Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.
Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ Премьер-министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында Президент Премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 53
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Банк республикадағы жобаларға шамамен $1,4 млрд бөлді, жалпы алғанда, соңғы 3 жылда Банктің елге салған инвестициялар көлемі $3,6 млрд-ты құрады. Осылайша, Қазақстандағы жобалар үлесі банк портфелінде маңызды орын алуын жалғастыруда.
Николай Подгузов 2025 жылы Банк цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге баса назар аудара отырып, энергетика, көлік және өнеркәсіп салаларындағы негізгі стратегиялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Биыл ЕАДБ Қазақстанның Орталық және Шығыс өңіріндегі ЖЭО-ны кеңейту және жаңғырту, полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы, қуаты 545 МВт «Алтын Дала» күн электр стансасын салу сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Премьер-министр Қазақстанның, әсіресе энергетика, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
«Еуразиялық даму банкі – Қазақстанның маңызды серіктесі. Өткен жылы экономикамызға тартылған инвестиция көлемі шамамен 40%-ға артты. Банктің Қазақстандағы несие портфелі жалпы көлемнің 63,4%-ына дейін өсті. Біз Банкпен өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз. Сондай-ақ біз өзара іс-қимылдың дәстүрлі және жаңа бағыттарының әлеуетін ашуға ниеттіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 60
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына және ҚР Цифрлық үкіметі кеңсесіне барды. Қазақстандық мамандардың ғарыш саласындағы жетістіктері мен әзірлеген цифрлық шешімдері таныстырылды.
Ұлттық ғарыш орталығының аумағында қазақстандық тарап жерді қашықтан зондтау және ғарыш мониторингі саласындағы отандық ғалымдардың әзірлемелерін ұсынды. Табиғи ресурстарды басқару, агроөнеркәсіп кешендердің жай-күйін бақылау, төтенше жағдайларға ден қою және рұқсат етілмеген полигондарды анықтау мақсатында аталған технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
ҚР Үкіметінің цифрлық кеңсесінде қырғыз делегациясына мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және озық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған бастамалар таныстырылды. Мәселен, «Әлеуметтік әмиян» жобасы азаматтардың жекелеген санаттарына проактивті форматта атаулы мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі туралы мәліметтер «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде жинақталады. Сараптама аймақтық деңгейде жүргізіледі, бұл әр сала үшін нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда жүйеде 6 млн-нан астам қазақстандық отбасы цифрландырылды, олардың әл-ауқатын талдау 100-ден астам көрсеткіш негізінде жүргізілуде.
Мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллектті пайдалану бойынша тәжірибе алмасылды. eOtinish азаматтар мен бизнестің өтініштерін қабылдау, өңдеу және талдаудың бірыңғай платформасы, eNotary нотариаттық ақпараттық жүйесі, сондай-ақ әзірлеушілер мен мемлекеттік органдарға ЖИ шешімдерін негізгі салаларға біріктіруге мүмкіндік беретін Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды.
Үдерістерді автоматтандыруға және мемлекеттік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін инновациялық бастамаларды іске асыру тәжірибесі атап өтілді. Қазіргі уақытта eGov электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны – 10 млн-ға жетті. Сервис арқылы азаматтарға 1 мыңға жуық қызмет түрі қолжетімді, олар арқылы 72 млн қызмет көрсетілді.