Атырау қаласы Балықшы ықшамауданында өткен ағаш егу экологиялық акциясында 130 шыбық отырғызылды. Аталмыш шараға Атырау облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері мен ірі кәсіпорындар да ат салысты. “Атмекен Эко” қоғамдық қорымен ұйымдастырылған ағаш егу акциясы “Отбасы” паркінде өтті.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында әр апта сайын жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатын болады.