“Өркениетті әлемнен артта қалмау үшін АЭС керек“

Өркениетті әлемнен артта қалмау үшін АЭС керек дейді Халықтық штаб мүшелері. Түсіндіру жұмыстары Магистралды су құбырын айдайтын мекемеде де ұйымдастырылды. Кездесуде еліміздегі электр энергиясы тапшылығының салдары сөз болды.
АЭС: ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК МҮМКІНДІГІ

1987 жылы құрылған бұл жерде 400-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Басқосуда олар өздерін мазалайтын түрлі сұрақтарға жауап алды. Техника тілін жақсы түсінетін мамандарға еліміздегі энергия тапшылығы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын тежеп отырғандығы түсіндірілді. Мұндай мәселені шешу үшін Қазақстанға қазір қуаты 8 гегаваттық қондырғы қажет екені айтылды.

ЕРКІН БАҚЫТЖАНҰЛЫ МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫ ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ

БІЗДІҢ МЕКЕМЕ МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫН АЙДАЙДЫ. ӘСІРЕСЕ, ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІНДЕ ҚУАТ КӨЗІ АЗ БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН, БҰЛ ҚҰРЫЛЫС КЕРЕК ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН

Атом электр станциясы –экологиялық таза және қауіпсіз энергия көзінің бірі. Оның құрылысы көмірді пайдалануды едәуір қысқартуға және қалалардағы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді,-дейді сарапшылар.

Қазірдің өзінде әлемнің 400-ге жуық елінде аталған құрылыс бар. Ешқандай экологиялық апат тіркелмеген. Сонымен қатар, АЭС жоғары білікті жұмыс орындарын ашады және инженерлердің, энергетиктердің, ядролық физиктердің, құрылысшылардың және басқа мамандар мансабының өсуіне ықпал етеді. Болашақ-үшін құрылыс маңызды,-дейді кездесуге келгендер.
БАЛЖАН ДОСМҰХАМБЕТОВА ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ

Мен-экономистпін, юристпін. Мен Қазақстанның тұрғыны ретінде АЭС салынуын қолдаймын. Өйткені, электр қуаты өзге елге тәуелді мемлекет болғым келмейді.
Еске сала кетейік, атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521