Мүгедектерге арналған орындарға көліктерін қойған жүргізушілер жауапқа тартылды

Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жерлерге көліктерін қойып кеткен жүргізушілерді анықтау үшін рейд өткізді.

Мұндай құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың әр түрлі сылтаулары бар. Кейбіреулері "бұл белгіні көрмей қалдым" десе, ал басқалары "5 минутқа қою үшін басқа тұрақты таппадым" деп ақталады.

Сонымен қатар, автокөлікте «мүгедек» деген белгінің болуы мүмкіндігі шектеулі адамның көлік жүргізіп отырғанына кепілдік бола алмайтынын ескеру қажет. Ондай арнайы белгіленген жерлерге мүмкіндігі шектеулі жандар ғана көліктерін қоюға құқылы.

Мысалы, 25 қаңтар күні сағат 12:03 шамасында Атырау қаласы, Студенческий көшесінде орналасқан №1 Емхана тұсында Toyota автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 41 жастағы азамат көлік құралын мүгедектерге арналған жерге қойып кеткені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабының 4 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 29 мың 170 тенге көлемінде айыппұл салынды, - деді Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Нұрлан Сарсенбаев.

tekserku

Қала аумағында жыл басталысымен 25 күн ішінде 500-ге жуық жүргізуші көлік құралын қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 10-ға жуығы мүгедектерге арналған орындарда көлік құралдарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар. 

Айта кетейік, мүгедектігі жоқ бола тұра, көлік құралын мүгедектерге арналған орындарға қойған жүргізушілерге ҚР ӘҚбК-нің 597 бабының 4 бөлімі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал, бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл осы әрекет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Егер, осындай құқықбұзушылық кездескен жағдайда, уақытын, күнін, мекен-жайын көрсете отырып, дәлелдеме ретінде бейнежазба немесе фотосуреттерімен бірге Атырау қаласы Полиция басқармасының фейсбук мессенджеріне жолдауларыңыз сұралады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Атырау қалалық Полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521