Kaspi Alaqan — Kaspi.kz командасы Қазақстанда әзірлеген инновациялық төлем қызметі. Сатып алу ақысын төлеу үшін алақаныңызды терминалға жақындатсаңыз болды. Алғашқы Kaspi Alaqan терминалдары биыл Алматыда, ал келесі жылы бүкіл Қазақстан бойынша пайда болады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi Alaqan-ның қаржы ұйымдарына арналған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растады. Бұдан басқа ҚР СИМ аккредиттеген зертханада Kaspi Alaqan-ның желілік инфрақұрылымының қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздігі, қолжетімділігі, тұтастығы және құпиялылығы, сондай-ақ басқа да маңызды элементтері бойынша кешенді сынақтар жүргізілді.
«Сүйікті клиенттеріміз жаңа сервистерді еш уайымсыз қуана пайдалануы үшін біз оларды қолайлы әрі пайдалы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз етеміз. Kaspi Alaqan бірқатар сынақтан өтіп, сарапшылардың жоғары бағасын алды. Бізді осындай керемет инновациялар жасауға шабыттандырып, сенім артқаны үшін барлық клиентімізге рақмет айтамыз!» Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушыларының бірі Михаил Ломтадзе
Алақанмен төлеу — сәйкестендірудің ең қауіпсіз әдістерінің бірі. Технология көптеген елдерде — АҚШ-та, Қытай мен Жапонияда дамып жатыр, ол Жапонияда алғаш рет 2015 жылы енгізілген. Әр адамның алақанының құрылымы ерекше, ал Kaspi Alaqan-ды қолданғанда ол қосылған кезде құрылған жеке шифрланған цифрлық код арқылы салыстырылады. Осының арқасында жалған алақанды қолдану іс жүзінде мүмкін емес, ал пайдалану тез, ыңғайлы және қауіпсіз болады. Kaspi.kz туралы Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды. Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады.
Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады. Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.
zakon.kz


