Өнім сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында аграрлық секторды дамытуға ерекше назар аударылуы – ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін қуанышты жаңалық. Ең алдымен, өнім өндірушілерді қолдау, суару жүйелерін жаңғырту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл кәсіпкерлеріне арналған жеңілдетілген несие тетіктерінің кеңеюі – саланың тұрақты дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші ретінде біз үшін ең маңыздысы – еңбек нәтижесін арттырып, нарыққа сапалы өнім шығару. Жолдауда айтылған агротехнологияларды енгізу, өңдеу саласын күшейту, ішкі нарықты қорғау сияқты бағыттар ауылдағы кәсіптің бәсекеге қабілеттілігін еселейді.

Бұл бастамалар ауыл еңбеккерлерінің ынтасын арттырып, өңір экономикасының дамуына серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда белгіленген міндеттердің жүзеге асуы – өнім сапасының өсіп, еңбек адамының мәртебесінің көтерілуіне жол ашады.

Исағалиев Қ

шаруа қожалық

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT