Ерлік ешқашан өшпейді

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай аудандық «Ауғанстан ақиқаты» атты салтанатты шара Бөдене ауылында өтті.

Оған осы ауданнан аттанған ауған соғысының ардагерлерімен ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен Отан қорғауға аттанып, қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жат жерде азаматтық борышын адал өтеген қазақ жауынгерлерінің өшпес ерлігі жас ұрпаққа Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелейтіндігін, ерлікке әрдайым құрмет көрсетілетіндігін айтып, бір топ ауған соғысының ардагерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Кейін әскерлік борышын ақырына дейін мінсіз атқарып, қаза бол-ған жерлес жауынгер, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Абат Далабаевтың әулетіне естелік сый-сияпат табыс етті. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Жалғасбай Мұртазаев игі тілегін жеткізсе, Бөдене ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлден Мусағалиев тарихи кезеңде талай азаматтардың ерлігін сөз ете келе, еліміз, жеріміз, тіліміз тұғырлы болып, Мәңгілік Ел болып, келер ұрпақ Сіздердің қиыншылықтарыңызды көрмей тек ерліктеріңізді жалғастыра берсін деген ағалық тілегін арнады. Мерекелік кеш өткенді бүгінге жалғаған, бабалар рухына бас иетін, қазақ елі үшін қорған болатын елдің бақытты перзенттерінің концертімен жалғасты.

 

Диас АЙБАРОВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT