"Тәж вирусы": үрейленетін дәнеге жоқ

Бүкіл әлемді дүрсілкіндіріп отырған короновирус індетіне орай елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен ел үкіметі нақты шараларды қолға алды. Сол елдегі студенттер елге қайтарылып, ауру ошағы тіркелген мемлекеттерге сапарлау тоқтатылды.

Есбол ауылының Жамбыл атындағы орта мектебін бітіріп, қытай тілі меңгеру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы колледжге оқуға түсіп, «Аспан асты» елінің Ханчжоу қаласында «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқуға қабылданған Гүлнұр Меңдешова бүгінде оқуын ауылда отырып-ақ онлайн режимде жалғастыруда.

Өткен жылдан бастап Қытай тілінде білім алып жатырған Гүлнұр Ізтелеуқызынан сол мемлекеттегі жағдай туралы сұраған едік. -Жалпы біз білім алып отырған Ханчжау қаласы мен Ухань қаласы бір-бірінен шалғай орналасқан қалалар. Короновирус ауру туралы ақпаратты біз өткен қаңтар айының ортасында естіген болатынбыз. Ол кезде өзге ұлт өкілінің адамдары ауырыпты деген сөзді естімеппін. Себебі мұндай індет Ханчжауда тіркелмеген еді. Біздер студенттер қысқы сессиямызды аяқтап болған соң қаңтар айының 31-і күні елімізге кеттік. Жол бойы қатаң тексерістен өткізілдік. Аэропортта, теміржол вокзалында тәртіп қатаң. Әрбір жолаушы жіті тексеріледі.

Осы жағдайға байланысты біз оқуымызды онлайн қашықтық арқылы жалғастырып жатырмыз. Жағдай тұрақталса алдағы айлардың бірінде оқу орнына ораламыз деген үміт бар. Ауырмаған жақсы ғой. Есен-аман кезімізде елде болғанымзға шүкіршілік етеміз,-дейді студент. Сенімді ақпарат көздерінің мәліметінше, коронавирус бүгінде Қытайдан басқа 100- ден астам елде анықталып отыр. Жалпы аудандық аурухананың бас дәрігері

Б.Төлегеннің айтуынша, бұл бағытта тиісінше алдын алу шаралары жүргізіліп жатырған көрінеді.

-Әзірге үрейленудің еш қажеті жоқ,-дейді бас дәрігер.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT