Индер ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 19 адамға жетті

15.06.2020 жылғы мәлімет бойынша. Бұл жөнінде Индер ауданының бас санитарлық дәрігері Ш.Ержанова хабарлайды.

Бұл індеттің тіркелу фактілері, Өрлік ауылында-6, Индербор кентінде-10, Есбол ауылында-1, Елтай және Жарсуат ауылдық округтерінде 1 адам. Сырқаттанғандардың үлкені 78-де, кішісі 11 жаста болып отыр.

Осы індетке бір отбасы мүшелері түгел шалдықса, оның ішінде жүкті әйел де бар.

-Аудан бойынша короновирус инфекциясының бүгінгі эпидемиологиялық аъхуалы тұрақсыз. Күн сайын сырқаттанушылық саны 5-10 жағдайда тіркеліп отыр. Бұл қарқынмен сырқаттанушылық жалғаса беретін болса аудан халқының саулығына үлкен қатер төндіреді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 19 адам тіркеліп отыр. Ең өкініштісі сырқаттанғандардың 40 пайызы бір жиында бірге болғандар. Бұл топтық сырқаттанушылық сипатты көрсетеді. Сырқаттанушылық бойынша талдау жұмыстарының нәтижесінде ауру жұғуы себебі аудан көлемінде инфекция көзі бар деген ұйғарым жасауға негіз болады, -дейді аудандық бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, карантин талабы жеңілдегеннен кейін сырқаттанушылық өсіп отыр. Той, садақа жиындарының да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамау салдары әсер етуде.

Айта кетейік, карантин тәртібі жеңілдегенше аудан да 1 ғана сырқат тіркелген болатын.

"Дендер"-Ақпарат

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT