Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2 мыңнан асуы мүмкін

​ "Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты 31 мамырға жасалған пессимистік болжам" деп хабарлайды Шұғыл штаб. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев хабарлады.​

Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірнеше даму сценарийіне дайындық жоспарын жасақтаған.

Оқшаулау режимін сақтаған жағдайда, мамырдың аяғына дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 800 адамнан аспауы мүмкін.​

"Ал, карантиндік режим бұзылған жағдайда, қатерлі инфекцияға шалдыққандар саны 31 мамырға қарай 2 мың адамнан асуы мүмкін. Сол себепті, біздер шектеу шараларын біртіндеп, кезең-кезеңмен алып отыруға мәжбүрміз" деп нақтылады Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев.​

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің пікірінше, Атырауда қауіпті індеттің кеңінен таралып кетуінің алдын алу - тұрғындардың оқшаулану шараларын қатаң сақтауының және қызметіне рұқсат берілген мекемелердің санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауының нәтижесінде ​ мүмкін болған.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика