ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙ БЕРІЛДІ

Индер ауданы Жарсуат округіне қарасты Құрылыс ауылындағы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепке келген жас мамандарға қызметтік пәтер берілді.

Индер ауданы орталығынан маман жетіспеушілігіне орай арнайы сұраныспен биыл оқу бітіріп келген жас мамандар математик Дамир Ерболұлы мен биолог Алтынгүл Қанатқызына талапқа сай жасақталған 3 бөлмелі қызметтік тұрғын үйдің кілті табысталды.

Бұл Елбасының шалғай ауылдарды дамыту, елді мекендерге жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында қызметтік пәтерлер бөлу жөніндегі тапсырмасына орай беріліп отырғандығын округ әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қапсиықұлы мәлімдей келе  аға ұстаз Сағынтай Керешұлы екеуі алқызыл лентаны кесті.

- Мен аудан орталығындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіре салысымен Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов унивирситетіне грантқа түсіп, биыл ғана бітіріп келдім. Жұмысқа іріктеу жәрмеңкесінде де бағым жанып, осы мектепке орналасып отырмын. Міне, бүгін мемлекет тарапынан үйлі болдым. Қуанышымда шек жоқ! Енді білікті  ұстаздардан тәжірибе жинап, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын деген ойдамын - дейді Алтынгүл Аманғалиева.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521