Дарынды оқушылар марапатталды

Атырау қаласында дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияның базасында 2022-2023 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадалары мен конкурстарда жүлдегер болған оқушыларды марапаттау шарасы өткізілді.

Облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Садуахасова дарынды оқушыларды марапаттап, қаржылай сертификаттар табыс етті.

Марапаттау шарасына ауданымыздан 4 оқушы қатысып, оның ішінде Махамбет атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Айталы Еділов Семей қаласындағы Шәкәрім мемлекеттік университетінің грантына ие болып, 50 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Айталы республикалық ғылыми жобалар конкурсының 2 орын, «Әбіш оқулары» байқауының 3 орын жүлдегері (жетекшілері: Жаналисов Қоныс Мағзомұлы, Хайрлиева Ардақ Төлеуқызы).

Сонымен қатар, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы республикалық «Әбіш оқулары» байқауының 3 орын жүлдегері Халида Оңдасын (жетекшісі Мұхамеджанова Жанар),  Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы, республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының 3 орын жүлдегері Дінмұхамед Қонайұлы (жетекшісі: Гүлбану Шамсутдинова), С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 2 сынып оқушысы, республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының 3 орын жүлдегері  Саян Лұқпан (жетекшісі Айнагүл Шахаева) 30 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Аталған оқушылар Салтанат сарайында облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатынасуымен өткен «Дарынды балалар еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы» атты  дарынды оқушылардың форумына қатынасып, ерекше әсермен оралды.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521