ҰБТ ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. 20-30 маусым аралығында мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді.

Жыл басынан бері тестілеуді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері беріліп келгенімен, осы жолы мемлекеттік грантқа таласы бар түлектердің сыналар сәті келе жатыр. Білім және ғылым министрлігінен хабарланғандай, республикалық деңгейде және әрбір ҰБТ өткізу пунктінде апелляциялық комиссия жұмыс істейді. Барлық аудиториялар 100 пайыз (1188) ұялы телефон сигналдарын өшіретін құралдармен және бақылау бейнекамераларымен жабдықталған.

Сондай-ақ жедел ақпарат алмасу үшін министрліктің және Ұлттық тестілеу орталығының call-орталықтары тұрақты түрде жұмыс істейді. Ведомствода хабарланғандай, тыйым салынған құралдар мен заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілерге жеке аудитория, сондай-ақ ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі емес көмекші, ымдау тілін білетін маман беріледі. Бұл үшін тестілеуге қатысатын түлек денсаулығы туралы анықтаманы ұсынып, өтініш беруі қажет. Жалпы шекті бал өзгерген жоқ. Тек «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша шекті балл барлық жоғары оқу орындары үшін 50 балдан 60 балға көтерілді. Бұл - болашақ педагогтарды сапалы іріктеу бағытында жасалып отырған шара екенін атап өту керек. Тестілеу нәтижесі ҰБТ тапсыру пунктілерінде сол күні жарияланады.

Сонымен қатар, министрліктің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында да ЖСН нөмірін теру арқылы немесе @edugovkz_bot телеграм боты арқылы тестілеу нәтижесін көруге болады.

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT