Атырау облыстық білім беру басқармасына қарасты Балаларды оңалту орталығы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті

 Ширек ғасыр бойы ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту, дамыту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін көрсетіп келе жатқан бірегей мекеме – аймақтағы жалғыз орталық.

Орталық тарихына шолу жасаумен басталған мерекелік іс-шараға қызметкерлер, тәрбиеленушілер және серіктес ұйымдар қатысты. Кеш барысында облыс әкімі мен білім беру басқармасы басшысының атынан құттықтаулар мен марапаттар табысталды.

Орталық тәрбиеленушілерінің әуенді қойылымдары, «Мен бармын!» қоғамдық ұйымының өнері, шығармашылық нөмірлер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұжымның көпжылдық еңбегіне құрмет ретінде орталық ардагерлері мен демеушілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Ата-аналардың жүрекжарды ризашылығы мен балалардың жетістіктері – орталық жұмысының басты нәтижесі. Жиын орталық ұжымы орындайтын «Мейірім шашқан жүрегіміз» әнұранымен қорытындыланды.

25 жылдық тарих – мейірім мен жан жылулығына, үздіксіз еңбектің нәтижесіне негізделген кезең. Балаларды оңалту орталығы алдағы уақытта да ерекше жандарға қолдау көрсетіп, қоғамға игілік әкелу миссиясын жалғастыра береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT