Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы ұйымдастырушысы – 2024» аудандық байқауы өтті.
«Көктем» қазақ орта мектебінде ұйымдастырылған байқауға аудан мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері қатысып, бақтарын сынады. «Жаңашыл мұғалім» бағамында қатысушылар цифрлық ресур старды пайдаланып 10-11 сынып оқушыларына ашық сабақ өткізсе, «Шебер мұғалім» бағамында өздерін таныстырып, жаңа әдістермен бөлісіп, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын баяндады. Ал «Үздік сабақ», «АӘТД және педагогика» бағамында тесттен өтсе, қарумен және қарусыз саптық дайындықта шеберліктерін көрсетті.
– Жарысты ұйымдастырудағы мақсатымыз – пән мұғалімдеріне өзара тәжірибе алмастыру. Сол арқылы оларды шыңдай түсу болып табылады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Талғат Қарасаев.
Жарыстың нәтижесінде Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Жұбандық Бағыт І орынды иеленді. Сондай-ақ, «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімі Нұрбол Сағидоллаев пен Аққала орта мектебінің мұғалімі Жасталап Халенов ІІ орынды, ал, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Сұлтанбек Асқаров пен Қабижан Абаханов атындағы орта мектептің мұғалімі Қылышбай Өтегенов ІІІ орынды еншіледі.
Сонымен қатар М.Сиранов атындағы орта мектептің мұғалімі Ерасыл Сейфолла Алғыс хатпен марапатталды.
С.Көшеков