Бүгін аудан әкімі Серік Арыстан ауданның құрметті азаматы, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Нүриев Өтеп Қасибаұлын 75 жасына орай қабылдап, құрмет көрсетті.
Бұл күнгі шараға аудан әкімінің орынбасарлары, замандас әріптестері қатысты. Алдымен аудан басшысы мерейгердің қысқаша өмір жолына тоқталып, ақжарма ақ тілегін арнап, иығына шапан жауып, құттықтау хат табыстады.
Ал аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров ағаға ыстық ықыласын арнаса, замандас әріптестері де жылы лебізін білдірді. Кездесу соңында Өтеп Қасибаұлы сөз алып, жылы лебіздері үшін аудан әкіміне, барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
Толығырақ 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.