Жарсуат ауылдық округінің әкімі сайланды

2021 жылғы 25 шілдеде Индер ауданының Жарсуат ауылдық сайлау округі бойынша округ әкімінің сайлауы өтті.

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының дауыс беру (71,0%) нәтижесінде Бөкеев Ербол Ержанұлы Жарсуат ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Бөкеев Ербол Ержанұлы - 1962 жылы 3 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Зоотехния», 2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1979 жылы «Жамбыл» атындағы совхозында жұмысшы болып бастаған.

1983 ж. «Жамбыл» атындағы совхозда қаракөл сою пунктінің союшысы, №1 ферманың ветеринариялық фельдшері.

1983 – 1987 ж.ж №1 ферманың мал дәрігері,

1987 – 1991 ж.ж. №4 ферманың ветеринариялық технигі, 1991 – 1996 ж.ж. №5 ферманың зоотехнигі,

2001 – 2006 ж.ж. Индер аудандық аумақтық басқармасының мал дәрігерлік инспекторы,

2006 – 2011 ж.ж. Индер аудандық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас маманы,

2012 ж. Исатай, Индер аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы,

2012 жылдан күні бүгінге дейін Индер аудандық ветеринариялық стансасының директоры болып қызмет атқарды. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521