Жануарларға өзгеше ен салына бастады

Өңір фермерлеріне шаруа қожалықтарындағы мүйізді ірі қара мен жылқы малына жарық шағылыстыратын ен салу үшін барлығы 600 баллон арнайы бояу тегін таратылады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл бастама жолдағы апатты жағдайлардың азаюына септеседі деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді Махамбет және Индер ауданының екі шаруа қожалығы алды.

boiase12

Онда 150 бастай жылқы мен 80 басқа жуық мүйізді ірі қара бар. ПД ЖПҚБ аға инспекторы Бауыржан Сарсекеновтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізуші жол бойына кенет атып шыққан жануарды дер кезінде байқай алмайтын түнгі уақытта орын алады.

- Бұл іс-шараның мақсаты – ірі малы бар шаруа қожалықтарын жарық шағылыстырғыш элементтермен мейлінше көптеп қамтамасыз ету. Барлығы тегін таратылып жатыр. Қажеттінің бәрін жергілікті мұнай компаниясының бірі сатып алып берді, - деді Бауыржан Сарсекенов.

Жыл соңына дейін жарық шағылыстырғыш таспамен және бояумен тағы төрт шаруа қожалықты қамту жоспарланып отыр. Аталған іс-шара 2020 жылы да жалғасын табатын болады.

boiase4745

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика