«Балдаурен» балабақшасының " Алтын балық" ересек тобында "Қош келдің, Жаңа Жыл!" атты ертеңгілік өтті.
Онда тәрбиешілері Тлекова Гүлжихан мен Жаңғалиева Арай балаларға жаңа жыл туралы түсінік берді. Балдырғандар мерекелік шараға жақсы дайындықпен келіп, саз жетекшісі Хайрлиева Гүлнар апайларының сүйемелдеуімен ән салып, би билеп, тақпақ айтты.
Ертегіге айналған ертеңгілік балаларымызға жоғары көңіл күй сыйлады.
Айнамкөз ХАСАНОВА
Ата-ана