Жайыққа су жіберілуде

Орынбор облысындағы Ирикли су қоймасынан әлеуметтік желілер арқылы осындай жағымды жаңалық жетіп отыр. Яғни 14 наурыздан бастап, қоймадан Жайыққа секундына 30 текше метр су жіберілуде.

Бұл қазақстандықтар мен ресейліктер арасындағы жасалған бұдан бұрынғы келісімге сәйкес іске асырылып отырған шаруа көрінеді. Мұны облыстық табиғи ресурстарды пайдалану мен табиғат байлықтарын игеруді реттеу жөніндегі басқарма басшысы Шауенов облыстық әкиматта өткен мәжілісте мәлім еткен.

-Өткен жылғы наурыздың соңына дейін Ирикли су қоймасынан жіберілетін су көлемі секундына 15 метрден аспаушы еді. Ал осы көктемде Ресей гидромет қызметі судың көп болатынын мәлім етті. Оның үстіне қыста Орал өзініне қар көп жинақталуына байланысты ылғалдың жылдағыдан көбірек болатын түрі бар. Сондықтан секундына 150 текше метр суға дейін жетуде,-деді басқарма басшысы.

Ендеше, алдымен табиғаттың, одан соңғы орынборлықтардың жомарттығының арқасында Жайыққа су жылдағыдан молырақ келеді деген болжам бар.

Өз тілшімізден

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика