"Өмірге үміт сыйла"
Міне,осында атаумен басталған қайырымдылық шарасына ауданның Бас имамы Ералы Қамзағалиев бастаған «Иман жастары», мешіт жамағаты, жанашыр кәсіпкерлер, Индерлік камаз жүргізушілері және қарапайым халықтан жиналған 1 миллион 700 мың теңгеге 10 дана оттегі аппаратына және Түркияға 15 пульсаметрге тапсырыс беріліп, бүгінде 15 пульсаметр аудандық ауруханаға тапсырылды.
Таяуда орталық аурухана ұжымына 2 электронды (бесконтактный) термометр мен маскалар, бір реттік киімдер табысталса, ауданның ерікті жастары оттегі балонын тасып қолғабыс етуде. Ал кенттегі тігіншілер мен еріктілер бір реттік киімдерді тігіп, ауруханаға табыстаса, "Айдын Су" мекемесі аурухананы тегін ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
Еріктілердің айтуынша, жақында n95 маскасына, силиконды көзілдіріктерге тапсырыс берілген және Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы бастығы Жайдарбек Дияров бастаған ұжымның қолдауымен берілген 300 мың теңгеге Индерлік 10 мұқтаж отбасыға 30 мың теңгеден беруді жоспарлауда. Қиын уақытта көмек қолын созған барша аудан халқына, кәсіпкерлерге, мешіт жамағатына, Индерлік камаз жүргізушілеріне алғысымызды білдіре отырып, аудан тұрғындарын бір-бірімізге жанашырлықпен көмектесіп, атсалысуға шақырамыз.
Жадыра Нариманқызы
ерікті жас