Әдетте жұма және жұмыстың аяғы, аптаның соңы десек те мазалаған мәселе уақыт таңдамайды екен.
Индербордағы жаңа мәдениет үйінде тұрғындарды қабылдаған аудан әкімінің орынбасарлары Дарын Шамұратов пен Ақтілек Мусағалиевке түрлі сауалдармен келгендер аз болмады.
-Біз тұратын «Шығыс» ықшам ауданында жол болмаса, оған қоса электр бағандары да дұрыс орналастырылмаған. Оның үстіне, су тазарту қондырғысынан аққан су біраз жерді алып барады. Жаңадан лас су желісін тартып қойды, енді оған тұрғындар қалай қосылуы керек? Мені осы мәселелер мазалайды,-деген сауалын тосты тұрғын Гүлзина Азанова аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Қалыбайұлына.
Оның жанында тұрғындарды қабылдаған Дарын Шамұратұлына бірнеше жылдар қатарынан Жайықтың самар бетіндегі Аққаладан келіп жұмыс істеп жүрген Жантарида Бияшова өзінің үйден қиындық көріп жүргенін айтып көмек сұрады.
-Сонымен бірге ішкі істер саласында істейтін інім де осы жағдайды бастан кешіп келеді,-деген тұрғын сөзіне пәтердің кезекпен берілетіні туралы айтылды.
Сондай-ақ зейнеткер Талапқали Идекешов бұрын осы аудандағы жастар ісін басқарып, кейін аудан әкімінің орынбасары болып ұзақ жылдар қызмет істеген Досжан Меңдігерреевті еске алу шарасын өткізу жайын қозғады. Оның бұл ұсынысы да сол жерде басшылардан қолдау тапты. Басқа да келушілер тұрғын үй, жұмыс, мүгедек жандарды қолдау, еңбекке тарту, демеушілік, тағы басқа жайларды сөз етті..