Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық - талдау орталығының қолдауымен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлылық және дін - біртұтас қоғам» тақырыбындағы семинары өтті.
Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асылан Қабижан семинардың мән-мазмұндылығына тоқталды.
Аталмыш жиында «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және діни құндылықтарды насихаттау тақырыбында» орталық басшысы М.Құбышев баяндама оқыды. Сонымен қатар «Діни экстремизмнің алдын – алу жолдары» тақырыбында дәріс оқыған орталық маманы А.Мағазов: –«Зайырлылық - мемлекет пен дін арасындағы қатынасты нақтылайтын ұстаным. Кейбір жастарымыз зайырлылықты кешегі коммунистік кезеңдегі атеизммен салыстырғысы келеді. Жоқ, кешегі кеңестік идеология атеизмге негізделген секуляризм болды. Ол кезде кез келген таным, ғылым да өнер де, әдебиет пен тарих, пәлсапа да сол идеологияға қызмет етті. Сондықтан кешегі коммунизм зайырлы ел емес, ол атеистік мемлекет. Ал, бүгінгі таңда бізде қолданып отырған зайырлылық ұғымы «дінді жоққа шығару емес», керісінше – адамның ар – ожданын бостандығын, діни сенім еркіндігіне кепілдік беру, - деді.
"Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық қорының теологі Е.Сағынов зайырлылық қағидаттары, деструктивті діни ағымдарға тоқтау салу жолдары, тиімді әдіс-тәсілдер сынды бірқатар көлемді тақырыптарды қамтып, қарапайым халыққа дінді дұрыс жеткізудегі маңызды мәселелерге тоқталды. Семинар соңында М.Құбышев қатысушыларға сертификат табыстады.
Г.ҚАНАТОВА.