Ынтымақ ауылындағы тоғай іші толған кене

Есбол ауылдық округі әкімі Ерболат Сабиров өткен жылдың есебін беріп, осы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Былтырғы жылы елді мекенде біраз шаруалардың түйіні тарқатылған. Мәселен, ауылдық округтің «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға Ынтымақ ауылындағы 9 көшенің жарығы жаңа үлгідегі құрылғыға ауыстырылыпты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов аудан әкімінің жыл ішінде атқарылған жұмыстарын әр саласы бойынша жүзеге асқан істер мен алдағы міндеттерге қысқаша шолу жасап, соңынан ауылдықтардың мұң – мұқтажына құлақ түрді.

Алдымен жарыссөзге шыққан зейнеткер Хисмет Әмірханов ауылда біршама жұмыстардың атқарылғаны мен де олардың әлі де жалғаса беретіндігіне сенімді. Дегенмен де тұрғын ауылда спорттық және домбыра үйірмелері ашылса, ол ауыл жастарының баратын рухани ордасы болатынын, және тоғайдың іші кенеден көз аштырмайтындығын, соның салдарынан малдарының өліп жатырғанын, сондықтан оған арнайы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысын жолдады. Ал ардагер алқасының төрағасы Амангелді Ислямғалиев жылдан-жылға ауыл келбеті жақсарып, келе жатқандығын барлығы халық игілігі үшін екендігіне тоқталды.

Толығырақ 17 қаңтар күнгі №3 газеттен оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT