Индерде бүгін X Tri INDER 2025 – триатлон жарысы бастау алды.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Ал жарыстың бас төрешісі Айбек Тілешов сайыстың ережелері мен қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
Индер борат кенішінен қалған каръерлер бүгінде жастардың жаз бойы шомылатын қызықты демалыс алаңына айналды. Мұнда жергілікті жастар ғана емес, облыс орталығынан, ауыл- аймақтан келушілердің қатары көп. Әсіресе, ыстық күндері ✓100 каръерде ине шаншар орын да болмай қалады. Бүгінгі триатлон да осы аталған каръерде өтуде. Каръер басына арнайы сахна, көрермендерге күнқағарлар орнатылып, айналаның бәрі алдын ала қоқыс қалдықтан тазартылды.
Ал триатлон сынын сайыскерлер суға жүзуден бастады.
Айта кетейік, жарыс ережесіне сай триатлон сынында 600 метр каръерді айналдырып жүзіп шығу, 30 км – веложарыс және 10 км – жүгіруден тұрады.
Жарысқа облыс көлемінен сайыскерлер бақ сынауда.
С. Сансызбайұлы.