Үш үміткер алға шықты

Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы аудандық мәдениет үйінде өтті.

Ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында өткен праймериздің алғашқы кезеңінде партияластарының жоғарғы сеніміне ие болып, басым дауыстарға қол жеткізген азаматтарымыз белгілі болып, шынайы әрі белсенді көшбасшыларымыз анықталған еді. Бұл – праймериздің екінші кезеңі, яғни, партияішілік іріктеуден өткендер облыстық мәслихаттың депутаты болып сайлану мүмкіндігіне ие болмақ.

Партияішілік демократияның заманауи үлгісі елді дамыту мәселелерін талқылауға арналған екінші кезеңге «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мейірім Қалауи, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алдымен аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы конференцияның қарауына енгізілген бес мәселені қаперге берді. Одан әрі конференция делегаттарының өкілеттіліктерін растау үшін мандат комиссиясының төрағасы Гүлшара Қабиева бүгінгі аудандық партия конференциясына барлығы 50 делегат сайланғанын хабарлады.

Пікір сайыс додасына шыққан үміткерлер өздерінің ойларын ортаға салып, қарсыластарының сұрақтарына жауап бере отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Пікірсайыс қорытындысымен, делегаттардың дауыс беру нәтижесімен Қайырлы Ғилманов 20 дауысқа, Ізтұрған Баймұханов 16 дауысқа, Сағидолла Құлғалиев 10 дауысқа ие болды.

Жиын соңында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев аудандық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын кандидаттармен таныстырды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT