Тұрғындарға белгіленген уақыттан тыс үйден шығуға шектеу қойылды

Индер ауданы тұрғындарына төтенше жағдайға орай полиция бөлімі  үйден шығуға арнайы шектеу қойды.

Құрметті Индер ауданы тұрғындарының назарына!!!

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін қаперлеріңізге бере отырып, Индер ауданында карантин кезінде сағат кешкі 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейінгі аралығында уйден шығуға шектеу қойылады және көшелерде, қоғамдық орындарда бетпердесіз, медициналық қолғапсыз жүрмеулеріңіз сұралады.

Сонымен қатар азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалардың шектеулі уақыты сағат 09:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін, пошта байланысы, банк филиалдарының уақыты сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін екенін хабарлаймыз.

Индер ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет етуде, заң талаптарын сақтамаған азаматтарға яғни төтенше режимін бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Аудан тұрғындарынан түсіністік танытып, төтенше жағдай кезінде тәртіпті сақтауларыңыз сұралады.

Индер ауданы полиция бөлімі.

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT